2016 жылғы 8 қаңтар, Астана қаласы
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 369 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
бұйырамын:
1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі №369 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 18 қазанда №8828 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2014 жылғы 4 наурыздағы №43 (27664) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларын іске асыратын және білім алушыларға білім мен тәрбие беруді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар болып табылады.»;
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жоғары колледж;»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1) колледж – жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны (бұдан әрі – Колледж);
2) мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған колледж - I және II топтағы мүгедек, бала кезінен мүгедек, мүгедек балалар қатарынан, мүмкіндігі шектеулі балаларға жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
3) жоғары колледж (бұдан әрі – ЖК) – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің интеграцияланған модульді білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
4) училище – мәдениет және өнер саласындағы негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Жеке адамның сұраныстары мен мүмкіндіктерін, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алудың қолжетімділігіне жағдайлар жасауды есепке ала отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына қарай оқыту күндізгі, кешкі, сырттай нысандарда жүзеге асырылады (кешкі және сырттай нысанда білім алуға рұқсат етілмейтін жекелеген кәсіптер мен мамандықтардан басқа).»;
2 - параграф мынадай редакцияда жазылсын:
«2-параграф. Жоғары колледж»;
38, 39, 40, 41, 42 және 43-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«38. ЖК өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдары мен нормативтік актілеріне, сондай-ақ осы Үлгілік қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.
39. ЖК оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды, кадрларды іріктеу мен орналастыруды, оқу-әдістемелік, қаржы-шаруашылық қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы Үлгілік қағидалар мен ЖК жарғыларында белгіленген шектерде дербес жүзеге асырады.
40. ЖК жүзеге асыратын оқу, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу оқу және тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі болып табылады.
41. ЖК-да оқу және тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жылына арналған оқу-тәрбие процесінің кестесін және теориялық, практикалық сабақтардың кестесін бекіту жолымен жүзеге асырылады.
Оқу-тәрбие процесінің кестесі мен оқу сабақтарының кестесін ЖК басшысы бекітеді.
ЖК-да оқу және тәрбие жұмысын есепке алу теориялық және өндірістік оқытуды есепке алу журналдарын (еркін нысанда) және оқу бағдарламаларын оқыту сағаты бойынша орындауды есепке алу табельдерін жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
42. ЖК оқу жұмыс жоспарларын және оқу жұмыс бағдарламаларын тиісті үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламалары негізінде әзірлейді және жұмыс берушілермен келіседі.
43. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Қызметтің үлгілік қағидалары) сәйкес ЖК-да оқыту жеке адамның сұраныстары мен мүмкіндіктерін, білім алудың қол жетімділігіне жағдайлар жасауды есепке алғанда білім бағдарламаларының мазмұнына қарай күндізгі, кешкі, сырттай нысандарда жүзеге асырылады.»;
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«45. ЖК-да меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан оқу жылы оқу процесінің кестесіне сәйкес басталады және аяқталады.
ЖК-да оқу кестесі оқу процесі кестесіне және оқу бағдарламасына сәйкес жасалады.»;
47 және 48-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«47. ЖК-да оқу сабақтары сабақтар, дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар, зертханалық, бақылау және өзіндік жұмыстар, консультациялар, әңгімелер, факультативтік сабақтар, курстық және дипломдық жобалар, жұмыстар және оқу сабақтарының басқа нысандары түрінде өткізіледі.»;
48. Білім алушылармен оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу үшін ЖК-да оқу топтары құрылады.
ЖК-да оқу топтары мамандықтар бойынша күндізгі оқу бөлімінде саны 25 адамнан аспайтын, сырттай, кешкі оқыту бөлімдерінде кемінде 15 адамнан құралады.
Мамандық немесе кәсіп бейінінің ерекшелігіне қарай ЖК-да жекелеген білім алушылармен жеке сабақтар өткізіледі.»;
50, 51, 52, 53 және 54-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«50. ЖК-ның білім беру процесіне қатысушылар: білім алушылар мен ата-аналар, педагогикалық қызметкерлер мен кәмелетке толмаған білім алушылардың заңды өкілдері, жұмыс берушілер болып табылады.
51. ЖК-ның білім алушыларына студенттер, курсанттар, тыңдаушылар жатады.
52. Мемлекеттік ЖК-дағы педагогикалық қызметкерлер лауазымдарының саны мен тізбесі Үлгілік штаттар негізінде, жеке меншік ЖК Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың құрылтайшылары немесе оған уәкілетті адам айқындайды.
53. ЖК-ның педагогикалық қызметкерлеріне білім алушыларды оқытумен және тәрбиелеумен байланысты білім беру қызметімен айналысатын тұлғалар жатады.
54. ЖК-ның педагогикалық қызметкерлер лауазымдарын ауыстыру меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
55-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«55. Қызметтің үлгілік қағидаларына сәйкес мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бейініне қарай оқу-тәрбие процесін басқару үшін ЖК-да мамандықтар (кәсіптер) топтары бойынша бөлімдер және басқа да құрылымдық бөлімшелер құрылады.»;
56-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«56. Бөлімді ЖК басшысы тағайындайтын меңгеруші басқарады.»;
57 және 58-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«57. ЖК-да бөлімдер:
1) оқытудың күндізгі нысаны кезінде бір немесе бірнеше мәндес мамандықтар мен кәсіптер бойынша кемінде 150 білім алушы болғанда;
2) оқытудың кешкі, сырттай нысандары кезінде кемінде 100 білім алушы болғанда құрылады.
58. Білім алушыларды өндірістік оқыту оқу-өндірістік шеберханаларда, зертханаларда, полигондарда, ЖК-ның оқу шаруашылықтарында, шарт негізінде жұмыс берушілер ұсынатын оқушы орындарында немесе жұмыс орындарында жүзеге асырылады.»;
60-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«60. ЖК-ның кәсіптік практикасын өткізу үшін шарттық негізде өндірістік оқу және кәсіптік практика базалары ретінде ұйымдар белгіленеді, олармен келісілген оқу бағдарламалары және практикадан өтудің күнтізбелік кестесі бекітіледі.»;
61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«61. Оқу-өндірістік шеберханалар, оқу шаруашылықтары, оқу полигондары ЖК-ның құрылымдық бөлімшелері мамандықтар бойынша өндірістік оқыту шеберлерінің басшылығымен кадрлар даярлау бейініне қарай өндірістік оқытудың оқу бағдарламаларының мазмұнын және кәсіптік практиканы іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.»;
63-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Оқу шеберханаларындағы, оқу шаруашылықтарындағы оқу-өндірістік жұмыстардың тізбесін, мазмұнын және оларды орындау бойынша талаптарды кадрлар даярлауды жүзеге асыру үшін жұмыс берушілермен келісу бойынша тікелей ЖК айқындайды.»;
65, 66 және 67-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«65. ЖК-да басқару Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасына, осы Қағидаларға және дара басшылық және алқалық қағидаттарға арналған оқу орнының жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
ЖК басқаруды тікелей басшы жүзеге асырады.
ЖК-ның басшысы лауазымға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тағайындалады және босатылады.
66. Білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу сапасын, оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру және әдістемелік жұмыстарды жетілдіру мақсатында ЖК-да алқалық басқару органдары құрылады.
67. ЖК-ның алқалық басқару нысандары педагогикалық, оқу-әдістемелік, қамқоршылық, консультативтік кеңестер болып табылады.»;
7-параграф алынып тасталсын.
2. Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту департаменті (Д.Ж. Қаленова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты білім беру ұйымдарының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы Т.БАЛЫҚБАЕВ
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 8 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13011 болып енгізілді.